Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

ktk.kz

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 мамыр 2024