Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жылыту мәселесіне атүсті қарауды доғарыңыздар – Олжас Бектенов

ktk.kz

Жылыту мәселесіне атүсті қарауды доғарыңыздар – Олжас Бектенов

«Бұл ретте республикалық, жергілікті бюджеттерден және инвестициялық бағдарламалар аясында қаржыландырудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қазір негізінен республикалық бюджет қаражаты жұмсалып жатыр. Әкімдер Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, монополистермен жұмыс жүргізіп, қаржыландыру бойынша ең оңтайлы тетіктерді ұсынсын. Жөндеу жұмысында қауіп бар. Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз», - деді ол.

Премьер-министр Маңғыстау облысындағы МАЭК-тің №2 жылу орталығының қазандығын жөндеу жұмыстары 8 қаңтардан бері басталмай келе жатқанын сынады.

«Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым, жылыту маусымы бойынша штаб жұмысына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмысының барысын тікелей бақылауға алу керек», - деді Олжас Бектенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 мамыр 2024