Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қайшы: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат сатқан

kz.kursiv.media

Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске қайшы: «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат сатқан

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қатты пайдалы қазбаларды өндірудің сервистік қызметтері нарығына талдау жасап, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің іс-әрекеттерінен бұзушылықтар анықтаған. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік хабарлауынша, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнай бұйрық шығарып, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымына инвесторлардан ақы алу құқығын берген.

Солайша 2022-2023 жылдарда жалпы сомасы 1,18 млрд теңгеге геологиялық ақпарат алуға 3999 өтінім түскен. Ең көп төлем сомасы – 1 қызмет үшін 38,9 млн теңгені құраған.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұл бұйрығы барлық мүдделі тарапқа геологиялық ақпаратқа ашық және тегін қол жеткізуге кепілдік беретін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің талаптарына қайшы келеді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ал негізінен бұл норма жаңа жобаларды іске асыруға ықпал ете отырып, үмітті инвесторларды қолдауды қамтамасыз етеді. Осы заңнамаға сәйкес монополияға қарсы орган заңдарда көзделмеген ақы алу бойынша заңсыз қызметтерді тоқтатқан. Осыған байланысты, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024