Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Оған жаным ашиды»: сотта Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды

kz.kursiv.media

«Оған жаным ашиды»: сотта Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

17 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер – марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина екінші рет қатысты.

Бұған дейінгі сот отырысында Ахмедина мен марқұм Нүкенова арасындағы хаттар оқылған еді. Алайда Бишімбаевтың адвокаттары екеуара әңгімені іс материалдарына қоспауды сұрады. Әңгіменің қолдан «жасалмағанын» растау үшін мемлекеттік айыптаушылар куәгерді тағы бір рет сот залына шақырған.

Нүкенова құрбысына жазған хаттарында Қуандық Бишімбаевтың әрекеті мен психологиялық жағдайы туралы айтқан.

Салтанат Нүкенова: Енді білмеймін, мен кетсем, ол сосын «қайырымсыз, мені таптап кетті» деп ойлайтын болады. Кейде өзін сау адам сияқты ұстайды. Шатасып кеттім, онымен бірге тұра алмаймын, жалғыз болғым келеді. Бұл емделмейді, бұл адамдар ешқашан емделмейді. Олар психологқа өздерінің қандай керемет адам екенін айтуға барады, бірақ бәрі ақымақ. Көңіл бөлгенін және келісімін алуға барады. Менің екінші рет кетіп қалғаныммен бәрі бітті, оралуға болмайды. Мен кешіргенше бәрін істеуге дайын, кейін мазақ қылып, кек алады. Психотерапиядан өтті, Алматыға барып келдік, психологына екі айда 10 мың доллар берді. Таиландта жүрген мәскеуліктер екен. Бірақ нәтижесі нөл. Ештеңе өзгеріп жатқан жоқ. Ол маған ұйқы бермейді, өзі түнде ұйықтамайды.Аида Ахмедина: Ұйықтап жатқаныңда сені айналып жүре ме сонда?Салтанат Нүкенова: Ол үнемі жаман ойда жүреді. Менімен сөйлесіп отырып бірдеңе сұрайды, тыңдамасам ашуланады, айғайлайды. Оған екі күн бойы ұйықтамағанымды, ұйықтағым келетінін түсіндіремін. Ол сосын «маған пысқырғаның бар» дейді. Шынымды айтсам, оған жаным ашиды. Ол жаралы және ауру. Оған көмектесуге тырыстым, бірақ солай өзімді құртамын.Аида Ахмедина: ӘринеСалтанат Нүкенова: Мен өзімді ойлауым керек. Сәбилі болуға қорқамын, некені тіркегім келмейді.Аида Ахмедина: Бұрынғы әйелімен де солай болған ба?Салтанат Нүкенова: Иә, бірақ ол кезде таңнан кешке дейін көп жұмыс істеген. Ал қазір 24/7 менің жанымда. Шаршадым, одан басқа ешкіммен араласпаймын. Ол әр қадамымды бақылайды.

Ал бұған дейін сотта оқылған хабарламада әңгімесінде Бишімбаевтың Нүкенованы оңайлықпен жібермейтіні, жалаңаш күйінде видеоға түсіріп алғаны туралы айтылған.

Салтанат Нүкенова: Жібермеймін деп айтты, менің отбасымда көзім көгерген фотолар бар екенін алға тартып, ол фотоны еш жерде жарияламау үшін ақша талап етеді деп ойлап, жалаңаш күйімде видеоға түсуімді сұрады. Ешкім оны бопсаламайтынына кепілдік қажет деді. «Сен құбыжықсың» деп айттым, бірақ видеоға түспесем, мені жібермейтін едіАида Ахмедина: Видеоға түстің бе?Салтанат Нүкенова: Иә, кету үшін түстім, басқа амалым қалмады. Одан басқа ешкіммен сөйлеспеймін, әрбір қадамымды, әрбір хабарлама, қоңырауды бақылап отырады. Телефонды ұстамайтын болдым, көріп қоя ма деп қорқамын, өшіруді ұмытып кетуім де мүмкін. Жоқ жерден шу шығарып, айғайлап, тіл тигізуі мүмкін. Мен үнемі үндемеймін, ақталамын. (…) Бұл махаббат емес. Қазір бәрін саралап отырмын. Сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Оған да жаным ашиды. Сол жаным ашығаннан осы уақытқа дейін шыдадым. Павлодарға келАида Ахмедина: Сұмдық…Салтанат Нүкенова: Оның айтқанын 24/7 орындауым қажет. Айтқанын орындамасам, шу шығады. Екі күннің бірінде таңға дейін шу шығады. Алматыда кеткім келген кезде шашымды жұлды, мұндай жағдай бірнеше рет болды. Шашым түсетін болған соң қойды. Кетіп қалатын болғандықтан, қол көтеруін қойды. Психологпен жұмыс істегеннің көмегі тиіп жатқан сияқты. Сол жағдайдан кейін біреумен әңгімелесуден қорқамын. Аида, тек анама, басқа қыздарға айтпа.

Сондай-ақ бүгінгі сот отырысында Байжановтың телефоны зерттелді. Сотта ол қамауға алынғанға дейін түсірілген соңғы видео көрсетілді. Ол жерде Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні өсиетхат қалдырған.

Публикация от Курсив (@kursiv.media.kz)

«Бар затымды, шотымды балаларыма, Назымға (Назым Қахарман – Бишімбаевтың бұрынғы әйелі) сыйлаймын», – делінген видеода.

Алайда Қуандық Бишімбаев бұл видео туралы білмейтінін айтты.

16 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың анасы сотталушының қоғамдық қорғаушысы ретінде алғаш рет пікір білдірді.

Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова ұлына өзін толық қорғауға мүмкіндік беруді сұрады.

«Сіз мәскеулік мамандардың қорытындысын қабылдамасаңыз, менің ұлымның конституциялық құқығы – өзін қорғау үшін дәлелдер келтіре алу құқығы шектеледі», – деді Альмира Нұрлыбекова.

Альмира Нұрлыбекова – сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қоғамдық қорғаушысы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024