Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсы басталды

almaty-akshamy.kz

Алматыда «Орта білім беретін үздік ұйым»  грантын  тағайындау конкурсы басталды

Аудандық және қалалық кезеңдерден тұратын бұл конкурс 2024 жылғы 31 мамырға дейін өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурстың мақсаты – тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жинақтау және тарату, ҚР-да орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау, мектеп педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру.

Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурсқа қатысушыларды іріктеуді Алматы қаласы әкімінің өкімімен бекітілген конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Конкурс қорытындысы ел педагогтерінің мерекесі Мұғалімдер күні салтанатында хабарланады. Конкурс грантының мөлшері - 68 млн теңге.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024