Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үй салу үшін арматура бағасы қадағаланады

kz.kursiv.media

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үй салу үшін арматура бағасы қадағаланады

Өнеркәсіп министрлігі Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда үйлер салуға байланысты арматура өндірісін ұлғайтуды және құрылыс материалдары бағасының өсуін тежеуді тапсырды.

Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтірудегі қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады. 2024 жылдың 23 сәуірінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және еліміздің арматура шығаратын кәсіпорын басшылары өзара келісімге келген.

«Екі тарап арасындағы жиналыста су тасқынанан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына Отандық кәсіпорындардың аймақтарда өнімдерін пайдалану бойынша мәселе көтеріліп, кәсіпорындардың өнім түрінің сапасы мен көлемін арттыруды тапсырды және елде орын алған жағдайға байланысты баға саясатын тұрақты ұстап тұру бойынша баса айтылды», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс жасайды. Кәсіпорындардың жалпы жылдық қуаттылығы – 1932 мың тонна. 2023 жылы жалпы 924 мың тонна арматура өндірілген.

2023 жылы арматура экспорты 285 мың тоннаны, импорт – 738 мың тоннаны құрады. Құрылыс арматурасының ішкі нарығының көлемі 1 377 мың тоннаға бағаланады.

Су тасқыны салдарынан қираған баспаналар тендерсіз салынады. Төтенше жағдай орын алған өңірлердің әкімдіктері үй салу үшін құрылыс компанияларымен тікелей келісімшартқа отырады.

Осындай кезде саяжай тұрғындарының да жағдайы ескеріледі. Егер саяжай аумағында тұрған үй олардың жалғыз баспанасы болса, оны да қалпына келтіру тетігі қарастырылған. Мүлік иелігін растайтын құжаттар сақталмаған жағдайда да тұрғындарды мемлекет баспанамен қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, Қазақстан осыған дейін 2022 жылы қара және түсті металды тасымалдауға уақытша тыйым салған болатын. Сол кездегі индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағанбеттің айтуынша, ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша шектеу қою – бұл тактикалық шара. Ал стратегия – бұл елімізде 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру саясаты.

Осыған дейін Ресейдегі электрометаллургиялық кәсіпорындар ел үкіметінен Қазақстанның темір жол арқылы қара металл сынықтарын тасымалдауға салған алты айлық тыйымын жоюға ықпал етуді сұраған.

Ресей Үкіметі Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне металл экспортына қатысты өтініш жібермеген. Бұл туралы «Курсивтің» ресми сауалына берілген жауапта жазылған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024