Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні хабарласқан көріпкелден жауап алынды

kz.kursiv.media

Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні хабарласқан көріпкелден жауап алынды

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот жалғасып жатыр. 24 сәуірдегі сот отырысында Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында хабарласқан көріпкел Гүлнар Ережеповадан жауап алынды.

Куәгер сотқа онлайн форматта қосылды. Ол өзінің жеке деректерін жарияламауды сұрады. Куәгер өзін таролог деп таныстырды. Айтуынша, Қуандық Бишімбаев әйелге бизнес, инвестиция мәселесі бойынша хабарласып тұрған.

Куәгер 9 қарашада Бишімбаевтың нақты қай уақытта хабарласқаны есінде жоқ екенін жеткізді.

«Бишімбаев Салтанат екеуінің ішімдік ішіп, жанжалдасқанын айтты. Дауысына қарап мас екенін түсіндім. Ол «қарап көріңізші, қарап көріңізші» деді. Оған «дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр» дедім. Оған бірден жедел жәрдем шақыр деп айттым. Мас деп ойлап, телефонға да жауап бермедім, оның қоңырауына аса мән бермедім. Басында ол ұйықтап жатыр деді. Тыныс алып, қорылдап жатыр деді. Тыңдап отырғанша, дәрігерге көрсетіңдер, әрі қарай не істеу керек екенін шешеді дедім. Ол тоқтамай соны айта берді», – дейді куәгер.

Айтуынша, әйел жекеменшік дәрігер шақыруды да ұсынған. Алайда Бишімбаев Салтанат Нүкенованың ұйықтап жатқанын айтқан.

Ал сотталушы Бақытжан Байжанов көріпкел мен Бишімбаевтың не туралы әңгімелескенін естігенін айтты.

«Сағат 15:51-де жанында тұрып, бәрін естідім. Ол жалған сөйлеп тұр. Ол дәрігер мен жедел жәрдем туралы айтпады. Мен жанында тұрдым. Ол ми шаршаған, ұйқысы қанған соң кейінірек оянады, содан кейін үйге барасыңдар деп айтты. Сағат 15:33-те мен дәрігерге хабарластым, Бишімбаевтың залдан шыққанын күттім. Сол кезде мен жедел жәрдемге немесе жеке жедел жәрдемге хабарласу керек екенін айттым. Бишімбаев көріпкелге хабарласты. Бірақ оның дәрігер немесе жедел жәрдем туралы айтқанын естімедім», – деді Байжанов.

23 сәуір күнгі сот отырысында Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні хабарласқан көріпкел мен Нүкенованың үй қызметшісі шақырылатыны белгілі болды. Куәгерлерден жауап алуды мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сұрады.

Тараптар прокурордың бұл өтінішхатына қарсылық білдірмеді.

Сондай-ақ 23 сәуір күнгі сот отырысына оқиға болған күні Бишімбаевпен кездескен әйел Гүлнар Насырбекова келді. Оның сөзінше, Бишімбаев Насырбекованы күтіп алған. Екеуі жұмыс бойынша сөйлескен. Бишімбаев Насырбекованың блогер қызымен жұмыс істегісі келетінін жеткізген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024