Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеуі мүмкін. AERC алдағы 3 айға қатысты болжамын жаңартты

kz.kursiv.media

Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеуі мүмкін. AERC алдағы 3 айға қатысты болжамын жаңартты

AERC сарапшылары мамыр-маусым айларында Қазақстандағы инфляцияға қатысты болжамын жаңартты.

Наурыз айында Қазақстандағы жылдық инфляция 9,1 пайыз деңгейінде қалыптасқаны белгілі. Алайда сарапшылар инфляцияның төмендеу тренді тұрақсыз екенін айтады. Мәселен, ақпан айында инфляция күрт жеделдесе, наурыз айында біршама баяулаған.

Мамандар сәуір айындағы инфляцияға қатысты болжамын қайта қарастырған. Оған наурыз айында инфляцияның сәл төмендеуі себеп. Бұған дейінгі шолуда жылдық инфляция 9,53% деңгейінде қалыптасады делінген. Енді мамандар сәуірдегі жылдық инфляция деңгейі 9,13% болуы мүмкін екенін айтады. Ал айлық инфляция 0,86% болуы ықтимал.

AERC сарапшылары мамыр айындағы инфляцияға да қатысты болжамын төмендетті. Бұған дейін AERC мамыр айында жылдық инфляция 9,84 пайызды құрайды десе, енді 9,34 болуы мүмкін екенін жазады. Оған да өткен айлардың көрсеткіші әсер етеді. Айлық инфляция 0,75 пайызды құрауы ықтимал.

Бұған дейінгі шолуында AERC өткен жылдың жоғары базасының әсері таусылғанын жазған. Осыған байланысты мамыр айында айлық инфляция жоғары болып, жылдық инфляцияның одан әрі жеделдеуіне ықпал етпек.

Наурыздағы нақты көрсеткіш пен сәуір-мамыр айларына қатысты болжамды ескере отырып, AERC маусым айында жылдық инфляция көтеріледі деп есептейді. Маусымда жылдық инфляция 9,56%-ды құрауы мүмкін.

Осылайша мамандар айлық инфляция аздап төмендегенімен, маусым айына қарай жылдық көрстекіші жеделдейді деп тұжырымдайды.

AERC инфляцияға әсер ететін ішкі факторалар қарама-қайшылыққа толы екенін айтады. Наурызда М2 және М3 ақша агрегаттары 0,8% және 0,9% өсті. Ақша қоры да 6,7%-ға күрт өскен. Ал акша агрегаттарының күрт өсуі кейін елдегі инфляцияға кері әсер етеді.

Бұған дейін сарапшылар базалық мөлшерлемені мерзімінен бұрын төмендету жылдық инфляцияның өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024