Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тәжікстан жіберген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жеткізілді

kz.kursiv.media

Тәжікстан жіберген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жеткізілді

Ақтөбеге Тәжікстан Республикасынан гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл жайлы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжікстан тарапы гуманитарлық көмек ретінде әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген.

Жалпы алғанда Тәжікстан Үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жіберген. Жіберілген жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрайды.

Соның 9 вагоны Ақтөбе облысына бөлінген. Онда 27 360 литр ауызсуы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар.

«Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр», – делінген хабарламада.

Бұл гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер көмектескен.

Еске сала кетейік, Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жіберетіні жөнінде 19 сәуірде белгілі болды. Тәжікстан басылымдары 12 сәуірде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласып, көмек беру мәселесін талқылағаны туралы жазды. Содан кейін ел президенті тапсырма беріп, Тәжікстанның Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс комитеті Душанбе мен Худжандтан Қазақстанға 61 вагон мен 13 жүк машинасымен көмек жіберген.

Мұның алдында Қырғызстан Қазақстанға 270 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінің тұрғындарына азық-түлік, киім-кешек, матрастар жеткізілді.

Гуманитарлық көмек жіберілетіні жөнінде 4 сәуір күні Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров мәлімдеді.

Ол Бішкек жылу электр орталығында болған апаттан кейін, Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасына көмек қолын созғанын айтқан.

«Олар бізден көмек сұрамаса да, бұл жағдайда біз оларға гуманитарлық көмек жібереміз деп шештік. Мен осы сәтті пайдаланып Өзбекстанға, Түркіменстанға және Қазақстанға алғысымды білдіремін. Президенттің көрші елдермен жүргізіп отырған достастық саясатының нәтижесінде олар біз сұрамай тұрып-ақ көмек қолын созды», – деді Ақылбек Жапаров.

Сонымен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен су басқан өңірлерге 15 жүк көлігінен тұратын гуманитарлық жүк жіберілді. Гуманитарлық жүкпен азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлер сыртқы киімдері, көрпе-жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар жіберілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024