Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк жасанды интеллектті қолданатын алаяқтардың көбейгенін ескертеді

kz.kursiv.media

Ұлттық банк жасанды интеллектті қолданатын алаяқтардың көбейгенін ескертеді

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектті қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескертеді. Енді олар өз құрбанының туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлғаның дауысын салып, хабарласаттын болған.

Жасанды интеллект құралдарымен мессенджерлерде «күштік құрылым өкілдерінің» (ҚР ІІМ, Бас прокуратура және т.б.) атынан бейнеқоңырау шалып, азаматтарды Қазақстан Ұлттық Банкімен «бірлесіп жасалатын» төлем операцияларына қатысуға үндейді. Алайда Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайды.

Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін алаяқтар мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыс хабарламаларды көшіріп алады да, оларды нейрондық желіге жүктейді. Не болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысымен ақша жіберуді сұрап, дауыстық хабарлама жібереді.

«Смартфонға бұзып кіру үшін алаяқтар ұялы байланыс операторының техникалық қолдау қызметінен деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты айтуын сұрайды. Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Содан кейін адамдардан ақша алу үшін туысының, әріптесінің, танысының, қандай да бір медиа-тұлғаның атынан байланысқа шығады.

Әңгіме барысында резервтелген ұяшықтың немесе брондалған қаражаттың қағаздары деп Ұлттық Банктің атынан жалған құжат ұсынады. Азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған құжаттарда мемлекеттік органдардың немесе жеке компаниялардың «уәкілетті адамы» қойған қолы мен оның аты-жөні және басылған мөрі көрсетіледі.

Ұлттық Банк мобильді телефонды бұзып кіруге жол бермес үшін күдікті сілтемелерге өтпеуге, телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпауға және жібермеуге кеңес береді. Ұлттық Банктің қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды. Банк қызметкері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені үзіп, қандай да бір шараға немесе төлем операцияларын жүргізуге қатысудан бас тартыңыз.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін ескертеді.

Осыған дейін «Курсив» «ҚазМұнайГаз» атын пайдаланып дивиденд алуды ұсынатын интернет алаяқтардың пайда болғаны туралы жазған.

Жалпы 2023 жылы алаяқтар 97 миллиард теңгеге жуық қаржыны қолды қылған. Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген.

Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардың сауалына берген жауабында 2023 жылы қабылданған шараларға қарамастан, алаяқтықтың 3 %-ға артқанын айтты. Солайша бұл бағыттағы қылмыстар саны 43 499-дан 44 786-ға дейін артқан. Ал олардан келтірілген залал 26%-ға өсіп, 110млрд теңгеден 139млрд теңгеге жеткен.

Маусымда Ішкі істер министрлігі Қазақстан бойынша 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталғанын мәлімдеді. Өткен жылы интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024