Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚНРДА несиені қайта құрылымдау кезінде борыштық жүктеме коэффициентіне қатысты талаптарды алып тастауды ұсынды

kz.kursiv.media

ҚНРДА несиені қайта құрылымдау кезінде борыштық жүктеме коэффициентіне қатысты талаптарды алып тастауды ұсынды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиені қайта құрылымдауға қатысты бірқатар нормативтік талаптарды өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған қаулыда жазылған.

Жобада төлемге қабілетсіз қарыз алушылар санының ұлғаюына жол бермеу мақсатында қайта құрылымдау кезінде борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге, сондай-ақ шығару мерзіміне байланысты автокөлік құралдарына өтімділік коэффициентін қолдануға қойылатын талаптарды алып тастау ұсынылған.

Құжат түсіндірмесінде бұл талаптардың қаржылық қиындықтарға тап болған қарыз алушының кредиттері бойынша төлем мөлшерін азайту мақсатында мерзімді төлемдердің мерзімін және мөлшерін ұлғайту жолымен қарызды қайта құрылымдау мүмкіндігі беріледі.

«Қарыз бойынша мерзімнің ұлғаюына әкеп соғатын қарыз алушының БЖК есебін жүргізу қажеттілігі туралы талап мерзімі өткен берешекті, оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бойынша реттеу рәсімін жүргізуге мүмкіндік бермейді»,- делінген құжат түсіндірмесінде.

Сол себепті қарыз бойынша мерзімнің ұлғаюына әкеп соғатын қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін (БЖК) есептеу жөніндегі талапты алып тастау ұсынылған.

Сонымен бірге автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген кредиттер бойынша қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларына да өзгеріс енгізілмек.

«Автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген кредиттер бойынша қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының кредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері автокөлік түріндегі кепіл құнына азайтылған, өтімділік коэффициентіне түзетілген берешек сомасының өтеуге (негізгі борыш сомасын және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыны қоса алғанда) қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады»,- делінген құжат түсіндірмесінде.

Оған сәйкес кепілдікпен автокредиттер бойынша борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде біркелкі «кепіл құнына өтімділік коэффициенттерін» белгілеу ұсынылған. Оның өндіріс мерзімі 3 жылға дейінгі жолаушылар көліктері үшін 0,7, ал басқалары үшін 0,6-ны құрайды.

Құжат түсіндірмесінде бұл шаралардың отандық автоөнеркәсіпті, оның ішінде жеңілдікті автонесиелеу шарттары шеңберінде іске асырылатын автомобиль өнеркәсібін дамытуды қолдау және ынталандыру мақсатында қабылданатыны айтылған.

Сонымен бірге құжатқа сәйкес қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау кезінде МҚҰ тарапынан соңғы алты күнтізбелік айдағы шағын несиелер бойынша төлемдер ескеріледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024