Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2023 жылы Қазақтелекомның таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға азайды

kz.kursiv.media

2023 жылы Қазақтелекомның таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға азайды

«Қазақтелеком» АҚ 2023 жылы таза кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға, 104,403 млрд теңгеге дейін азайған. Бұл туралы компанияның Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есебінде көрсетілген.

Компанияның салыққа дейінгі пайдасы 18,4%-ға, 134,237 млрд теңге, операциялық пайдасы – 11%-ға төмендеп, 161,311 млрд теңгені құрады. Жалпы пайда 1%-ға өсіп, 237,728 млрд теңгеге жетті.

Компанияның активтері 15,2%-ға өсіп, 1,483 трлн теңгеге, міндеттемелері – 22,1%-ға, 679,338 млрд теңгеге, меншікті капиталы – 10%-ға, 803,662 млрд теңгеге дейін өсті.Жарғылық капитал 12,136 млрд теңге деңгейінде қалған.

«Қазақтелеком» жергілікті телекоммуникация нарығында басым орынға ие. Компания Kcell ұялы байланыс операторының 51% акциясына, сондай-ақ «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (МТС, Tele2/ALTEL) 100% акциясына ие. Қазақстан қор биржасындағы 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақтелекомның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры (71,32%) «First Heartland Jusan Bank» АҚ (8,10%).

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында S&P Global Ratings және Fitch Ratings Қазақтелекомның кредиттік рейтингтерін тиісінше «ВВ+» және «ВВВ-» деңгейінде мақұлдаған еді.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары – бұл Қазақстандағы ұлттық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024