Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Гүлзира Айдарбекова Димашпен салыстыратындарға жауап берді

newsroom.kz

Гүлзира Айдарбекова Димашпен салыстыратындарға жауап берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге байланысты Димашпен салыстырып, сынға алған оқырмандарына шүйлікті, деп хабарлайды Newsroom.kz

Әлеуметтік желіде өнер адамдары Димаш көмектескеннен кейін ғана қимылдай бастағанын айтып, салыстырды.

«Димашты көрінген жерде айтып, деңгейін түсіре бермеңіздер. Ешкім Димаш бола алмайды, оған Аланың берген бағы. Өнер адамдары Димашты аңдымай-ақ қай кезде болмасын елдің басына іс түскенде қарап калған кезі болған жоқ. Бәрі пенде, бәрінің жүрегі бар. Міне, қанша айтып жазып жатырмын, бір-бірімізді күндемейік, елді кері пікірге итермелеп өсек айтпайық. Мына болып жатқан жамандық атаулы сол қара ниетімізге көрініп жатыр деп, сөзді бұрмалаған түсінігі жоқ адамдарды мен халық деп ойламаймын. Олар арандатушылар. Бәріміз бір қазақтың баласымыз осыны түсіну керек»,- дейді жазды Айдарбекова Instagram парақшасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024