Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент: Ұлы Отан соғысының 2 ардагеріне 2 млн. теңгеден қаржылай көмек беріледі

kz.otyrar.kz

Шымкент: Ұлы Отан соғысының 2 ардагеріне 2 млн. теңгеден қаржылай көмек беріледі

Шымкентте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша қаржылай көмек берілетіні белгілі болды. Үшінші мегаполисте 2 соғыс ардагері тұрады. Оларға биыл 2 млн. теңгеден беріледі. Сондай-ақ, бірқатар төлемдерге өзгеріс енді.

Биыл Шымкенттегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері 2 млн. теңге қаржы беріледі. Бұрын оларға көрсетілетін бір рет көмек көлемі 1 млн. 329 мың теңге еді. Бұл ұсынысты мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі ұсынды. Сондай-ақ, тыл ардагерлеріне де берілетін қаржылай көмек сомасы да өзгерді. Бұған дейін оларға 44 мың теңге берілсе, биыл тыл ардагерлері 55 380 теңге алады.

Сабыржан Арапбай, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: «Мәслихаттың шешіміне сәйкес 9 мамыр Ұлы Отан соғысы қатысушыларына бүгінге дейін 1 329 120 теңге беріліп келген. Қазір ол қаржыны ұлғайтуға шешім қабылданды. Биылдан бастап, 2 млн. теңге төлем жүргізілетін болады. Одан бөлек 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген адамдарға 132 мың 912 теңге беріліп келген. Енді өзгеріске байланысты 166 140 теңге берілетін болады».

Сондай-ақ, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына тиесілі біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге алады. Ал Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнге байланысты ядролық сынақтар салдарынан мүгедек болып қалған және ядролық сынақтарға тікелей қатысқан тұлғаларға 45 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүруші жеке көмекшілер санаторий-курорттық емделуге барып келгеннен кейін, соның өтемі ретінде 40 АЕК көлемінде, яғни, 147 680 теңге мемлекет тарапынан өтелетін болады. Одан кейін Ұлы Отан соғысы, Тыл ардагерлеріне бұрын 44 304 теңге берілсе, өзгеріске байланысты 55 380 теңгеге ұлғайтылды», – деді басқарма басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай.

Бұл ғана емес, биылғы жылдан бастап қозғалу қиындығы бар I топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің санаториялық-курорттық емделуіне 147 680 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл қаражат жеке көмекшінің санаториялық-курорттық ұйымда болу құнын өтеу үшін жылына бір рет төленеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024