Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су тасқыны болған алты аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен ұйымдастырылады

kz.kursiv.media

Су тасқыны болған алты аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен ұйымдастырылады

Су тасқыны болған алты аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен өткізіледі. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалды. Барлық медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Эпидемиологиялық бригадалар құрылып, жапа шеккен аймақтардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған.

Бұған дейін Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев су тасқыны болған аймақтарда ҰБТ тапсыратын оқушлардың дайындық сапасы төмендеп кеткенін айтып, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

«Эвакуациялық пункттерде балаларға қажет барлық жағдай жасалған. Алайда төтенше жағдай биыл мамыр-маусымда өтетін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысу үшін оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына кері әсерін тигізді», – дейді Ғалиасқар Сарыбаев.

Оқу-ағарту министрлігі төртінші тоқсан қарсаңында 88 мектеп қашықтан оқитынын айтты. Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырыуына барлық жағдай жасалынған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024