Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін Тоқаевтың видеосын пайдаланған

kz.kursiv.media

Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін Тоқаевтың видеосын пайдаланған

Facebook-те қазақстандықтарға жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша төлемдер туралы алаяқтар жарнамасы тараған. Алаяқтар бейнеге жалған дыбыс қойып, ресейлік «Мир» телеарнасы жүргізушісінің бейнесін және Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңестің үзіндісін қосқан.

Алаяқтар әлеуметтік желіде қазақстандықтар мемлекеттен қосымша төлемдер алады деген жарнаманы іске қосады. Stopfake.kz телеграмм арнасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бейнеде жалған дыбыс бар, ал сенімділік үшін алаяқтар 2024 жылдың 22 сәуір айындағы бейнені көрсеткен. Таратылған бейнеде бір-бірімен байланысты емес жаңалықтар сюжеттері жинақталған. «Мир» телеарнасындағы бағдарламадан жүргізушісі Екатерина Абрамованың видеосын алған», – делінген хабарламада.

Ресейлік «Мир» телеарнасының сайтында тұрғындарға дивидендтер төленетін Қазақстандағы жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, алаяқтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі кеңестің үзіндісін жарнамалық бейнеге енгізген. Кеңестің өзі 2019 жылдың мамыр айында өткен. Онда қазақстандықтарға қосымша төлемдер сөз болмаған.

Осыған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектіні қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескерткен. Енді олар өз «құрбанының» туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлғаның дауысын салып, хабарласатын болған.

Жасанды интеллект құралдарымен мессенджерлерде «күштік құрылым өкілдерінің» (ҚР ІІМ, Бас прокуратура және т.б.) атынан бейнеқоңырау шалып, азаматтарды Қазақстан Ұлттық Банкімен «бірлесіп жасалатын» төлем операцияларына қатысуға үндейді. Алайда Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайды.

Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін алаяқтар мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыс хабарламаларды көшіріп алады да, оларды нейрондық желіге жүктейді. Не болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысымен ақша жіберуді сұрап, дауыстық хабарлама жібереді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024