Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иманды болсын! Атырауда екі бала тірілей жанып кетті

newsroom.kz

Иманды болсын! Атырауда екі бала тірілей жанып кетті

25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. өлі денелері табылды. Сондай-ақ, анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне "103" қызметкерлерімен жеткізілді.

Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024