Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су тасқынынан кейін екі өңір тұрғындарына төрт түліктің өтемақысы ретінде 211 млн теңге төленді

kz.kursiv.media

Су тасқынынан кейін екі өңір тұрғындарына төрт түліктің өтемақысы ретінде 211 млн теңге төленді

Су тасқынынан кейін Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындарына өлген төрт түліктің өтемақысы ретінде жалпы 211 млн теңге төленді.

Орталық коммуникациялар қызметінде ақпарат таратқан Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдиннің сөзінше, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 780 бас малына 113,2 млн теңге, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 753 бас малына 98,3 млн теңге сомасында өтемақы төленді.

«Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залал толығымен өтелді, Батыс Қазақстан облысында өтемақыға 187,4 млн. теңге бөлінді, өтінімдерді қабылдау рәсімі жүргізілуде, төлем апта соңында басталады. Атырау және Ақмола облыстарында өтемақы алуға өтінімдер қабылдануда», – деді брифингте.

Шаруалар өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті комиссияға жүгінуі қажет.

«Алгоритмге сәйкес, мал өлексесінің бар-жоғына, құлағындағы сырғаның бар-жоғына қарамастан, егер мал «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелген болса, бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеу қамтамасыз етіледі. Мал иесінің ауызша айтуы бойынша шығын болған малдардың тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда, 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімі су тасқынынан болғаны туралы комиссиялық акті жасалынады және утилизация туралы акті жасалады», – деді Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысы Бауыржан Бекет.

Сондай-ақ мал өлексесі бар болып, бірақ құлағында сырғасы болмаса немесе мал өлексесі табылмаса (қайда екені белгісіз болса) және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелмеген болса өтемақы басқа қаржы көздерінен қамтамасыз етіледі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде мал шығыны үшін өтемақы нарықтағы баға шеңберінде беріледі. Төрт-түлік малдың нарықтағы бағасы әр өңірде әртүрлі. Өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған нарықтық құн негізінде анықталады. Ұлттық статистика бюросы еліміздегі төрт-түлік малдың нарықтағы орташа бағасын жариялады.

2024 жылдың наурызындағы мәліметке сүйенсек, еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің орташа бағасы (тоннасына) мынадай: ірі қара мал үшін 962 753 теңге, жылқы – 1 092 296 теңге, түйе – 1 061 900 теңге, қой-ешкі – 947 454 теңге, үй құстары – 869 016 теңгені құрайды.

Дегенмен әр өңірде басқаша баға белгіленген. Су тасқыны өршіп тұрған аймақтарда (жылқы мен сиыр) мал басының орташа құны қалай деген сауалға келсек. Мәселен, Ақтөбе облысында сауын сиырдың құны 409 354, жылқы 569 624 теңге деп белгіленген. Атырау облысында сиыр бағасы 458 258, жылқы 490 355, БҚО-да сиыр 429 607, жылқы 503 888 теңгені құрайды. Қостанай облысында сауынды сиыр басы 376 439 деп бағаланса, жылқы 585 245 теңге төңірегінде. Су тасқынынан қатты зардап шеккен тағы бір аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы. Мұндағы нарықтағы орташа баға мынадай: сауынды сиыр 342 848 теңге, ал жылқы басы 648 733 теңге.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024