Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қар, жел, жаңбыр: 26 сәуірде ауа райы қандай болады?

newsroom.kz

Қар, жел, жаңбыр: 26 сәуірде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024