Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Боржоми су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық балаларды қонақ етпек

almaty-akshamy.kz

Боржоми су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық балаларды қонақ етпек

Жергілікті курорттар қазақстандық оқушыларды оңалту курсынан өтіп, ұмытылмас демалыс өткізуге шақырып отыр. Әсем таулар, ну орман мен табиғи минералды сулар. Елімізде тасқыннан зардап шеккен балаларды гүржі елінің тұмса табиғаты күтіп тұр. Танымал курорттар қазақстандық балаларды қонаққа шақыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстанда осындай қайғылы жағдай болып жатқаны өте өкінішті. Біз оны ауыр қабылдадық. Былтыр ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достығымызды одан әрі нығайтатын құжатты бекіткен едік. Соған сай қол ұшымызды созуға дайынбыз. Атап айтқанда, балаларды оңалту бағдарламасынан өткізуді ұсынып отырмыз. Жоспарымыз - табиғи апаттан зардап шеккен балаларды осында әкеліп, көңілдерін аулап, қаламызды көрсету», - дейді Боржоми қаласының мэрі Отар Арболишвили.

Боржоми билігі шаһарға қазақстандық 20 баланы шақырып отыр. 10 күнге созылатын демалысқа балалар мен оларды алып жүрушілер ұшақ арқылы алдымен Кутаиси қаласына аттанады. Кейін автобуспен шипажайға бет алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024