Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент Ассамблеяны саяси салмақты етпек: азаматтық институт саясиға айнала ала ма?

almaty-akshamy.kz

Президент Ассамблеяны саяси салмақты етпек: азаматтық институт саясиға айнала ала ма?

Осындай айтулы күнге Президент дайындықты бастап кетті. Алдағы мақсат – Ассамблеяның саяси салмағын арттыру болмақ.

Бір жылдан кейінгі кадрлық рокировка

Ассамблея сессиясы болардан бір күн алдын Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгеріс жасады. Бұрынғы орынбасарлары Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк қызметінен босатылды. Екеуі де тура бір жыл бұрын, 24 сәуірде тағайындалған еді. Олардың орнына Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин тағайындалды.

Мұндай шұғыл шешім қабылдауға не түрткі болды?

Жаһандық геосаяси және өркениетаралық текетірес

Президент сессияда сөйлеген сөзінде жаһандық геосаяси, өркениетаралық, идеологиялық текетірестер жайлы айтты. Мәскеуде болған лаңкестік әрекет те ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптердің бірі ретінде аталды.

«Біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз. Радикалды идеологияны дәріптеу және ксенофобия отын тұтату үшін халықаралық тұрақсыздықты пайдаланып қалғысы келетіндердің әрекеті анық көрінуде.

Кейбір мемлекеттердің геостратегиялық амбициясынан этнодіни астар іздеуге тырысатындардың, тіпті, оны өркениетаралық қақтығыс ретінде көрсеткісі келетіндердің үні қатты шыға бастады. Соның салдарынан қазір әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатқаны байқалып отыр.

Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты. Таяуда Мәскеу іргесінде жұртты қанға бөктірген лаңкестік оқиға жүрегімізге өте ауыр тиді. Көптеген азаматтар қайғылы оқиғаның құрбандарына жанашырлық, тілеулестік танытып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы ғимараттарының алдына гүл шоқтарын қойды. Әлемнің барлық дерлік елдері осындай көрініске куә болды»

Тіпті қақтығыстарды этнодіни сипатта өрбітуге талпынушылық та байқалады. Сондықтан Ассамблеяның жұмысына жаңа серпін беру қажеттігі туындады.

Ішкі саяси себеп

Екіншіден, соңғы Конституциялық реформадан кейін Ассамблеяның саяси жүйедегі орны өзгерді. 2022 жылы 29 сәуірде Ассамблея сессиясында Президент бүкілхалықтық референдум өткізу туралы мәлімдеме жасаған еді. 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде Ассамблеяның Парламенттегі өкілдігіне өзгерістер енгізілді:

Қоғамдық талқылаудың басым бөлігі Мәжіліс қабырғасында өтетінін ескерсек, Ассамблеяның саяси салмағы осы реформа нәтижесінде азайды. Осы ішкі саяси себепке байланысты, Президент кешегі өткен сессияда институционалды әлеуетін нығайту мақсатында, оның жұмысына өзгеріс жасауды ұсынды.

Алда қандай өзгеріс күтіп тұр?

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024