Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысының полицейлері саяжай алаптарының төрағаларымен профилактикалық әңгіме жүргізді

almaty-akshamy.kz

Алматы облысының полицейлері саяжай алаптарының төрағаларымен профилактикалық әңгіме жүргізді

«Өздеріңіз білетіндей, есірткі зертханалары көбінесе шаруа қожалықтары, саяжайлар, қараусыз қалған фермалар, бау-бақша серіктестіктері сияқты шалғай аумақтарда орналасады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері осы учаскелерде тұрақты негізде пысықтау шараларын жүзеге асырады. Саяжай алаптарында тұратын тұрғындарға саяжай үйлерін жалға алған күдікті адамдар туралы сауалнама жүргізеді», – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Ардақ Қайсаров.

Саяжай мен бау-бақша кооперативтерінің төрағаларына әдетте есірткі өндіретін орындардан қандай ерекше иіс шығатыны, сондай-ақ олардың алаңдаушылығын тудыруы мүмкін басқа факторлар туралы айтылды. Өз кезегінде қатысушылар күдікті адамдарды немесе автокөліктерді байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 5 есірткі зертханасы анықталды, оның ішінде 3-і синтетикалық есірткі құралдарын дайындау бойынша (Іле ауданында) және 2-і құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру бойынша (Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында) анықталды. Заңсыз айналымнан 193 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 120 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленіп, жойылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024