Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еңбегі жоғары бағаланған педагогтермен кездесті

almaty-akshamy.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еңбегі жоғары бағаланған педагогтермен кездесті

Олардың халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбектері зор, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сүйеніп.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еңбегі жоғары бағаланған педагогтермен кездесті.

Министр ұстаздарға болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі үлестері үшін алғыс айтып, педагогтерді қолдау және олардың кәсіби мәртебесін көтеру - білім беру саласындағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Педагогтер өз кезегінде мемлекеттің педагог қызметін жоғары бағалағанына зор ризашылықтарын білдіріп, кәсіби өсуге, оқыту әдістерін жетілдіруге қатысты өз ойларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді дамытуға және достықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградалар табыстаған педагогтердің ішінде Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектептің мұғалімі Елизавета Александровна Шнайдер ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, Ақмола облысы Арайлы ауылындағы орта мектеп мұғалімі Анастасия Ирубаева «Шапағат»медалімен, Атырау қаласындағы №3 мектеп — гимназиясының мұғалімі Татьяна Нестеровна Любина «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024