Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы жантүршігерлік автобус апаты: сотталушыға қатысты үкім шықты

kz.kursiv.media

Алматыдағы жантүршігерлік автобус апаты: сотталушыға қатысты үкім шықты

Үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахмеджанов кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы Дархан Ахметжановқа екі бап бойынша айып тағылды.

«Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Оған қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес, жазаны неғұрлым қатаң тағайындалған жазаны сіңіру арқылы Дархан Ахметжановты түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын»,-деп мәлімдеді сот үкімін жариялаған судья Такен Шакиров.

Сотталушы Дархан Ахметжанов сотта өзінің кінәсін толық мойындайтынын айтып, соңғы сөзін айтқан еді.

«Наркологиялық диспансердің сараптамасы бойынша алкаголь немесе наркалогиялық затты қолданғаны туралы ешқандай ақпарат анықталған жоқ. Және ондай нәрселерге ешқашан әуестігім болған емес. Ақыл есім дұрыс. Бұрын-соңды психикалық диспансерде есепте тұрған емеспін. Бар ойым үйге жеті болатын. Оның мән-жайын түсіндіріп айтқан болатынмын. Өзімнің жеп жүрген нанымды және ризық-несібемді адал еңбекпе, маңдай термен тауып жүрген қарапайым құрлысшымын. 3 ұлдың әкесімін және асыраушысымын. Құрметті сот мырза осы фактілерді ескере отыра, маған берілетін жазаның минималды және жеңіл түрде болуын сізден сұраймын. Сөз соңында адами тұрғыдан (айыпталушы жылап жіберді – авт) қаза болған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрағым келеді. Арты қайырлы болсын. Сіздерге өте ауыр. Сіздермен бірге менің де жүрегім ауырады. Қайғыларыңызға ортақпын. Мені кінәлі деп танып жатсаңыздар шын жүректен кешірулеріңізді сұраймын»,-деді Дархан Ахметжанов.

Сот отырысында прокурор автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұрған жолаушы Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Бұл іс бойынша сот наурыз айында басталған. 24 сәуірде Жоғарғы сот қоғамдық қызығушылыққа байланысты сот процессін тікелей эфирде өткізу туралы шешімін жариялады. Бұл Жоғарғы сот Youtube арнасында көрсетілген Қазақстан тарихындағы екінші процесс.

Еске салар болсақ, 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізушіні ұрып есінен тандырған. Осының салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024