Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Прокуратура: Түркістанда шенеуніктер 8 млн теңге бюджет ақшасын ұрлаған

kaz.365info.kz

Прокуратура: Түркістанда шенеуніктер 8 млн теңге бюджет ақшасын ұрлаған

Түркістанда прокуратура 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды. «Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі – КММ) есепшілерімен сөзбайласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген», – делінген хабарламада. 05.07.2024ж. облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуфактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды. Сондай-ақ жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024