Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

ktk.kz

Болат Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

Болат Қайратұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының мемлекеттік қызметшілерді тексеру жөніндегі топтың жедел уәкілі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша департаменттерінде, ҚР ҰҚК төрағасы аппаратының басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

2021 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қыркүйек 2024