Әлия Назарбаева күйеуінен ажырасып, соттасып жатыр
Ресми мәліметке қарағанда, экс-президент Н.Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева екінші күйеуімен соттасып жүр.
Біздің қолға келіп түскен деректерге көз жүгіртсек, Н.Назарбаевтың бірінші әйелінен туған үш қызының кенжесі Әлия Назарбаева күйеуі Димаш Досановтан ресми түрде ажырасып кеткен.
Ол енді бұрынғы күйеуімен соттасып жүр. Тұрақты оқырмандарымыздан жеткен ақпаратқа сенсек, Ә.Назарбаева мен Д.Досанов биылғы жылдың 14 қазанында ресми түрде ажырасқан және Алматы қаласының соты арқылы балаларының кіммен бірге тұратынын анықтаған.
Білуімізше, балалары Ә.Назарбаевамен бірге қалған көрінеді. Ә.Назарбаева мен Д.Досановтың ажырасып кеткені туралы әңгіме ақпараттық кеңістікте өткен жылы пайда болған. Бұған Д.Досановтың бұрынғы әйеліне барып жүргені себеп болған-мыс. Назарбаев
Еске салайық, Димаш Досановтың жасы 43-те. Қаңтар бүлігіне дейін ол «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болған. Ә.Назарбаева екеуінің екі баласы бар. Ал «қоғам қайраткері», «кинопродюсер» әрі «Мемлекеттік сыйлықтың иегері» Әлия Назарбаева 1998-2001 жылдары Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың келіні болған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024