Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Руслан Базарбаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ktk.kz

Руслан Базарбаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Руслан Ерланұлы 1989 жылы 1 шілде күні дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.«Қазтехнология» АҚ бас менеджері және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.

2018-2024 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы, Семей қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2024 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Абай облысы Жаңасемей ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қаңтар 2025