Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды. Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді. Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін наградталғандар тізімінде: «Парасат» орденімен Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ профессоры Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры; «Құрмет» орденімен Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бас консультанты Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – «Гидробиология және экология институты» мекемесінің директоры Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Генетика және физиология институты» РМК зертханасының меңгерушісі Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС директоры Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Зоология институты» РМК бас ғылыми қызметкері Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ профессоры Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі; «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «OtarBioPharm» ЖШС кіші ғылыми қызметкері Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасының меңгерушісі Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС хлорлау станциясының операторы Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі «С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ PhD докторы Сәрсенбекұлы Бауыржан – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС зертханасының меңгерушісі; «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілсін Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының академигі Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 сәуір 2025