Такси жүргізушілеріне таксопарктерден тыс жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заң жобасы ұсынылды

Такси жүргізушілерінің таксопарктерге тәуелділігін жою мақсатында заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Бұл бастама жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Склярдың айтуынша, бүгінде Yandex Go, Uber, Glovo, InDrive секілді платформалар цифрлық жұмыспен қамту нарығында белсенді жұмыс істеп, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытып келеді. Нарықтағы ірі ойыншылардың бірі – «Яндекс.Такси Корп» ЖШС, ол түрлі тарифтер мен сұранысқа сай комиссия белгілейді.
Сондай-ақ, жүргізушілердің таксопарктермен байланыссыз, тікелей жұмыс істеу мүмкіндігін заңнамалық түрде бекіту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл өзгеріс комиссиялық шығындарды азайтып, жүргізушілерге тиімді жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі уақытта нарықтағы бәсекелестік деңгейі мен қолданылатын қосымшаларға қатысты кешенді талдау жүріп жатыр. Склярдың айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, такси, авиация және теміржол жолаушылар тасымалы салаларындағы баға нарықтық жолмен, тікелей бәсекелестік арқылы қалыптасады және мемлекеттік реттеуге жатпайды.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 23
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
- Маусым, 19
-
-
-
- Маусым, 18
-
-
- Маусым, 17
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 16
-
-
Күнделікті жаңалықтар
24 маусым 2025