Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

kaz.365info.kz

Ақтөбеде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Ақтөбеде табиғатты қорғау және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында кезекті маңызды шара ұйымдастырылды. «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы мен Ақтөбе орман шаруашылығының бірлесіп, Ақтөбе су қоймасында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акциясын өткізді.

Аталған іс-шараға «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының эко-гвардия отрядының 30 белсенді сарбазы қатысты. Қатысушылар өз бастамаларымен табиғатқа жанашырлық танытып, Ақтөбе су қоймасының маңайын тұрмыстық қалдықтар мен пластик, қағаз және өзге де қоқыстардан тазартты.

«Бұл акция тек сенбілік емес. Біз жастарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үйретіп келеміз. Жас сарбаздарымыз өз еңбектерімен көпке үлгі бола алады», – дейді Ақтөбе орман шаруашылығының өкілі.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Оның аясында орман алқаптары, өзен-көл жағалаулары мен елді мекендер маңы тазартылып, экобілім беру жұмыстары жүргізілуде. Табиғат тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ақтөбелік жастардың бастамасы өзгелерге де ой салып, айналаны таза ұстауға үндейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар