Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рига әуежайына Димаш Құдайбергеннің жүздеген жанкүйері жиналды

24.kz

Рига әуежайына Димаш Құдайбергеннің жүздеген жанкүйері жиналды

Ертең Латвия астанасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, хабарлайды «Хабар 24».Осыдан бірнеше сағат бұрын даңқты әншіміз Ригаға ұшып барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері Димашты әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды.  Гүл мен ту ұстаған ән сүйер қауым Димашты тағатсыздана күтті. Дәстүр бойынша Рига әуежайына әншінің жүздеген жанкүйері жиылды. Димашты көру үшін жанкүйерлер Еуропаның түкпір-түкпірінен ағылды. Франция, Германия, Норвегия және Эстониядан келген адамдар оның қолтаңбасын алып, селфи жасауды армандаса, енді біреулері арнайы сыйлық дайындаған.Элеонора, жанкүйер:– Есімнен танып қалам ба деп қорқып тұрмын. Өйткені бұл концертті біз көп күттік. Әлі сенер алар емеспін.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024