Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Оның айқын ұстанымы естеріңізде болар": Продюсер Алуа Қонарова Астанада өтетін Киркоровтың концертіне қарсы шықты

kaz.caravan.kz

Оның айқын ұстанымы естеріңізде болар: Продюсер Алуа Қонарова Астанада өтетін Киркоровтың концертіне қарсы шықты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Қазақстанның мәдени өмірі қызу жүріп жатыр. Көптеген іс-шаралар өтуде. Көп мыңдаған аудитория жинаған қазақстандық әртістермен бірге опен эйрлер өтіп жатыр. Ондай көрермендер 2000-ның басында тек ресейлік әншілерге баратын. Алматыдағы Димаштың концерті бәрін дүр сілкіндіріп, бірде бір бос орын болмады. Ресейлік әртістер бізде әрқашан үлкен ақы үшін өнер көрсететін. Окей, соғысты қолдамайтын Алла Пугачева, Би 2, Шевчук, Борис Гребенщиков, Галкин және т.б әртістерге ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ, астаналықтар мына әншінің концертіне бармайтын шығар деген үміттемін. Оның айқын ұстанымы естеріңізде болар? Оны қатты жақсы көретіндер, оны spotifay-ден тыңдап жүре беріңіздер", - деп ойын жазды Алуа Қонарова. Филлип Киркоров 5 қараша күні концертін Астанада өткізсе, 7 қараша күні Алматы қаласында өткізбек. Тикетон сайтында әншінің Астанадағы концертіне билеттердің жартысы өтіп кетсе, ал әншінің Алматыдағы концертіне билет алатындар құлықсыз болып отыр, өйткені ол жерде билеттің жартысы да өтпегенін көруге болады. Филипп Киркоровтың концертіне билеттер Алматыда 15 мың теңгеден басталып, 40 мың теңгеге дейін барса, ал Астанадағы концертіне билеттер 20 мың теңгеден басталып, 80 мың теңгеге дейін барады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024