Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ақылы көркіне сай": Жұбаныш Жексенұлы италяндық келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

kaz.caravan.kz

Ақылы көркіне сай: Жұбаныш Жексенұлы италяндық келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

Бұл туралы ол журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Журналисттің "Италяндық келіннің атасы болу қалай екен?" деген сұрағына өнер иесі жауабын берді. "Ол мың келінге татитын бір келін. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі. Оқыған. Консерваторияны пианино классынан қызыл дипломмен бітірген музыкант. Ал музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Үлкен ұлым - гитарист. Гитарист пен пионисттен туған үйде кішкентай немере бар. Ол менің ішкі қуанышым. Мен ауылда, нағыз қазақы отбасында өскенмін. Басында әрине қарсы болдық. Жастар дегеніне жетеді ғой. Бізге дәлелдеумен болды. Осы - ақыры. Бір-бірін өте сондай сүйіп өз дегенінен қайтпай тұрғаннан кейін көп адам солай арманына, мақсатына жетеді ғой. Олар да солай жетті. Айттық. Көнбегеннен кейін амал жоқ. "Келініміз басқа ұлттан" деген кезде әкем "ей!" деп бәрін тоқтатты да "ұлттың жаманы болмайды. Адамы дұрыс болсын", - деді. Осы бірауыз сөзбен бәрі шешілді", - дейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024