Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

ktk.kz

«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды. Алғашқы марапатталғандар: Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо. Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден») Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден») Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды. Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд). Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі. Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі. Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия). Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба. Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы». Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы» Үздік түпнұсқа сценарий - «Барлығы барлық жерде және бірден». Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр». Үздік дыбыс - «Топ Ган: Мэверик». Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні. Үздік монтаж — «Барлығы барлық жерде және бірден». Үздік режиссер - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт. Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»). Үздік актриса - Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»). Үздік фильм - «Барлығы барлық жерде және бірден». Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024