Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

“Шаруаңыз болмасын”: Сәби күтіп жүрген Ерке Есмахан өзіне ақыл айтатындарға жауап берді

kaz.caravan.kz

“Шаруаңыз болмасын”: Сәби күтіп жүрген Ерке Есмахан өзіне ақыл айтатындарға жауап берді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Әлеуметтік желіде әншіге жүріп-тұруды үйретіп, өзін қалай ұстау керегін айтатындар көбейген. “Жабысқан көйлек киіп, ішіңізді ұстай бермеңізші. Кең киім ки, сосын семір”, – деген желі қолданушысына Ерке Есмахан: “Мынаны қандай ниетпен жаздыңыз? Түсінбей қалдым ғой. Ұстасам өзімнің ішім, біреудікін ұстап жатқаным жоқ. Жабыстырып кием бе, басқа кием бе, Рианна сияқты ашып жүрем бе, шаруаңыз болмасын. Мен семіргеннен сізге не пайда? Өз өміріңізді сүрсеңізші”, – деп жауап берді. Жұлдызды жұп әлі басқалар сияқты гендер пати жасаған жоқ. Ерке Есмахан күйеуінің болашақ сәбидің жынысын көпшілікке жария етуге қарсы екенін айтқан болатын. Содан болар оқырманға ерлі-зайыптының ұл не қыз күтіп жүргені қызық. “Ішіңіздің пішініне қарасам, қыз сияқты” деп болжап жазғандар да бар екен. “Ішіңнің пішіне үшкір, жалпақ, төмен, жоғары, өйткен сосын бүйткен, “қыз болады, ұл болады” деген көріпкелдер көп. Алланың бұйырғаны болады, күтейік бірге”, – деп жазды Ерке Есмахан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар