Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қателестім»: Байзақова желіде күйеуі туралы жазба жариялады

paryz.kz

«Қателестім»: Байзақова желіде күйеуі туралы жазба жариялады

Нұрбекті алғаш көрген кезде сенімсіздік болды. Көп күлмейтін, көп сөйлемейтін еді. Оның үстіне сақалы бар. Сондай-ақ қалжындасқанын да байқамадым. Сол кезде оны әйел затын ренжітіп қоятын азаматқа ұқсатқаным рас. Бірақ өмір шын мәнінде кім ондайға бара алатынын көрсетті. Негізі бастапқыда ақкөңіл болып көрінетіндерден қорқу керек екен.

Екеуіміз жақын білісіп бастағанда оған өз талабымды бірден айттым. Мен өзіме деген дөрекілікке шыдамайтынымды жеткіздім. Ол менің қорғаным болғанын қаладым.

Қазіргі кезде біздің қарым-қатынасымыз мінсіз деп айта алмаймын. Біз бір-бірімізге ашулана аламыз, мен ренжіп қала берем, бөлек бөлмеге кетіп қалатынымыз бар. Бұл барлық адамдарда кездесетін жайт деп ойлаймын. Бірақ, шүкір менің жолым болды. Бастапқыда ол туралы басқа ойда болып қателескен екенмін. Ол мені ренжітпейді. Бүгінде оған сенімдімін. Сол себепті мен де ол үшін жақсы жаққа қарай өзгерудемін. Біз бір команда болуымыз керек. Бір-бірімізді қорғаумыз керек, - деп жазды ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар