Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады

newsroom.kz

Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады

Шымкент сыра зауытының иесі еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріне "Cadillac Escalade" маркалы көліктің кілтін табыстады,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін", – деді кәсіпкер Тұрсен Алагөзов.

Су жаңа көлікке ие болған танымал әнші қуанышын жасыра алмай, алғыс жаудыра берді.

"Көлік маған қатты ұнап тұр. Өте керемет екен. Бір жағынан мінуге қорқып тұрмын”, – деді.

Желі қолданушылары Атхамбектің өнерін жоғары бағалап, құтты болсын айтып жатыр.

"Керемет сыйлық болыпты”, “Өзбек қазақша, қазақ орысша сөйлеп тұр”, “Қазақстан және Өзбекстан халқына еңбек сіңірген өнер адамы, сол үшін темір тұлпар мініп жатыр", "65 миллион теңге емес пе еді бағасы, өте қымбат екен", "Атхамбек екі ел мәдениетіне де теңдей үлес қосқан әнші" — деп жазды көпшілік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024