Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұлдызай Дүйсенбиева: Ана бола алмайсыз деген ең ауыр сөз

newsroom.kz

Жұлдызай Дүйсенбиева: Ана бола алмайсыз деген ең ауыр сөз

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық өмірі жайлы "Мамский әңгіме" YouTube жобасында жан сырын ақтарды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Өнер иесі тұрмысқа шыққан кездегі ана болу оқиғасы жайлы айтты.

"- Дәрігерлер сізде бала болмайды деді. Мен үйге келдім, қолымда қағазым бар. Емделуі керек деген сияқты, анализдер және дәрілер жазып берді. Үйге келіп, жылап жатырмын. Жолдасым жұмыстан келді. Ажырасайық дедім. Біреудің тағдырын байлағым келген жоқ. Күйеуім маған қарап, күлді. Қолымнан ұстады да, айтты: "Жұлдызай егер тағдыр маңдайымызға баласыз қол ұстасып жүруді жазған болса, мен соңына дейін, сенімен қол ұстасып кетемін"-деді.

Осы сөз менің өмір сүруіме көмектесті. Күйеуіммен ренжісіп қалған уақытта осы сөзді еске аламын да, одан сайын жақсы көріп кетемін. Өйткені екінің бірі айта алмайтын сөз.

Мен ойлаймын, осы сөз мені емдеді. Мен ешқандай дәрі қабылдаған жоқпын. Арада бір ай өтеді, менің аяғым ауыр болды"-деді актриса.

Айта кетелік, Жұлдызай Дүйсенбиева әртіс болғысы келмегенін айтты. Бала күнінде адвокат болуды армандаған екен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар