Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға ерекше сыйлық тарту етті

newsroom.kz

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға ерекше сыйлық тарту етті

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасында ел намысын қорғап, күміс жүлдені жеңіп алған Нұрбек Оралбайды арнайы құттықтап барды. Өнер иелері боксшыға ерекше сыйлық жасаған,-деп хабарлайды newsroom.kz

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ел қоржынына күміс жүлде түсірген спортшыға өымбат тон кигізген. Олардың Нұрбек Оралбайға сыйлығын табыстаған видеосын Tik-Tok желісінде тарап кеткен.

"Естелік болсын деп, келе жатып саған арнайы сатып алдық. Құрметтеріңізге көп рақмет. Мынау құндыз тон арнайы саған. Киіп алшы, көрейік. Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз ", - деді Қанат Айтбаев.Нұрбек пен Айбек Оралбай ерекше құрмет көрсеткен әншінің ата-анасына алғысын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024