Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқтар Серіков өнерде кіммен құда болғысы келмейтінін айтты

paryz.kz

Тоқтар Серіков өнерде кіммен құда болғысы келмейтінін айтты

Тоқтар Серіковтің сөзінше, ол Мейрамбекті ағайынындай жақсы көреді. Эстрада жұлдызы жақынымен бұл қарым-қатынасына селкеу түсіргісі келмейді. "Мен Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Онымен егіз болып өскенмін. Ал дәл ертең балалар жарасып, оның қызы мен менің ұлым құда боламыз, құда қыламыз деп жатса, мен үлкен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі мен Мейрамбегімді ешқашан жамандыққа қимаймын. Ол менің жан дүниемнің жартысы, оны ештеңеге қимаймын. Ол менімен туыс болып кету керек сияқты. Менің түйсігім сондай", - деді ол. Әнші өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев туралы да дәл осындай пікірде. Тоқтар Серіков достары үшін отқа батып, суға түссе де, құда болуға дайын емес. "Сәкен Майғазиевпен балалық шақтан бірге келе жатырмыз. Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай бір от, сезім пайда болса, қуаныштымыз. Бірақ дей тұрғанмен, мүмкін емес дүниелерге қимаймын. Мен үшін ол ет жақыным, ағайыным болып кеткен. Олар үшін отқа түсіп, суға батуға бармын. Оларды жауға да, дауға да бермеймін. Құда болсақ, өкпешіл қазақпыз ғой, болмайтын дүниеге өкпелеп қалсақ, дүниедегі ең қиын сезім. Достарыммен дос болып қалғым келеді. Бірақ ертең Жанболатпен, Сәкен мен Мейрамбекпен құда етіп жатса, ештеңеге қарсы тұра алмаймыз", - деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024