Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ФИФА: спорт пен саясат арасындағы таңдау

kaz.365info.kz

ФИФА: спорт пен саясат арасындағы таңдау

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейн командасын жеңіп, алғашқы үш ұпайын еншіледі. Бұл жетістік біздің құраманы топта үшінші орынға көтерді. Қазір топтың көшбасшылары – төрт ұпайы бар Солтүстік Македония мен Уэльс. Лихтенштейн құрамасы екі жеңіліспен соңғы орында тұр, ал Бельгия әлі бірде-бір матч өткізген жоқ. Осы уақытта 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары жалғасып жатқанда, Палестина футбол қауымдастығы Израиль құрамасын турнирден шеттетуді талап етті. Бұл мәселе Сербияда өтетін УЕФА конгресінде талқылануы мүмкін. Израильдің ФИФА-дағы мүшелігін тоқтату бастамасын Палестина футбол қауымдастығы көтеріп, оны Азия футбол конфедерациясы (AFC) қолдады. Палестиналықтардың айтуынша, Израильдің соғысы салдарынан олардың кем дегенде 92 футболшысы қаза тапқан. Елдегі футбол инфрақұрылымы толықтай жойылған, барлық матч тоқтатылған, ал ұлттық құрама ойындарын шетелде өткізуге мәжбүр. Израильді чемпионаттан шеттетуді талап еткен палестиналық шенеуніктер Ресей құрамасының халықаралық футболдан аластатылуын мысалға келтіреді. Олардың пікірінше, егер футбол мен саясатты араластырмау керек болса, онда Ресей құрамасын жарысқа қайта қосу қажет. Ал егер Ресейдің шеттетілгені ФИФА ережелеріне қайшы келмесе, Израиль құрамасына да дәл сондай шара қолданылуға тиіс. Осы жағдайға байланысты Израиль мен оның одақтастарына Ресейдің халықаралық футболға оралуын қолдау тиімді, себебі бұл Израильге қарсы санкция енгізу туралы талқылаулардың алдын алады. Британдық The Independent интернет-газеті хабарлағандай, УЕФА мен ФИФА «Ресей прецедентіне» байланысты қатты қысымға ұшырап отыр: «Қазіргі таңда Ресейдің футболға оралуына қатымты қадам жасалып жатыр. Олардың қайта қосылуын ертеңге қалдырмай-ақ іске асыру керек деп есептейтін ықпалды тұлғалар бар. Бұл шешімнің бір бөлігі саясатқа байланысты, бірақ кейбір сарапшылар Ресейді мүлдем шеттетудің қате болғанын алға тартады. Ішкі қысым күшейіп келеді». Сонымен қатар, ФИФА басшылығына Израиль мәселесін шешпегені үшін бірнеше рет сын айтылды. Бұл сынның әсерінен «Израильге қызыл карточка көрсет» атты жанкүйерлік қозғалысы белсенді бола түсті. Акция Италия, Испания, Франция, Грекия, Шотландия, Ирландия, Түркия және Малайзияда өтті. Демонстранттар УЕФА мен ФИФА-ға «ережелерді қатаң сақтау» және Израиль құрамасын жарыстан шеттету туралы нақты талап қою керектігін мәлімдеді. ФИФА бұл мәселені шешуді ұзаққа созса, ұйымның беделіне нұқсан келіп, оны саяси мүдделерге тәуелді деп айыптауы мүмкін. Бұл өз кезегінде ұйым ішіндегі алауыздықты күшейтуі ықтимал. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік футбол басшылығы жақын арада өте қиын шешім қабылдауға мәжбүр болады: олар не Батыстың пікірін елемей, Ресей құрамасын халықаралық жарыстарға қайта қосады, не Израиль құрамасына да дәл сондай санкция қолданады. Екі жағдайда да ФИФА үшін үлкен сын-тегеурін туындайды, сондықтан шешімнің жақын арада қабылдануы ғажап емес.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2025