Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

13 маусым күні Алматы қаласында кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА файтері Фаниль Рафиков пен ресейлік Мариф Пираев кездесті. Айқас суперорта салмақта, кәсіпқой бокс ережесі бойынша алты раундқа жоспарланған болатын.
Рафиков үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жек болды. Ол рингтегі алғашқы кездесуін 2025 жылдың ақпанында өткізіп, жеңіспен бастаған еді. Ал Пираев үшін бұл бокс ережесі бойынша дебюттік айқас болды.
Жекпе-жек толықтай белгіленген қашықтыққа созылып, төрешілердің бір ауызды шешімімен Фаниль Рафиковтың пайдасына аяқталды.
- Соңғы
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
-
-
- Маусым, 19
-
-
- Маусым, 18
-
-
-
- Маусым, 17
-
-
- Маусым, 16
-
-
- Маусым, 14
-
- Маусым, 13
-
Күнделікті жаңалықтар
24 маусым 2025