Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасады

Компьютерлік вирустардан қорғау жүйесін әзірлеуге маманданған компанияның сарапшылары жаңа Andariel шабуылдарын анықтады. Бұл Lazarus құрамына кіретін солтүстіккореялық кибертоптың шабуылы, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шабуыл жасау кезінде олар белгілі DTrack бағдарламасының модификациясын, сондай-ақ жаңа Maui төлем құралын пайдаланады. Кибертоп АҚШ, Жапония, Үндістан, Вьетнам, Ресей және Қазақстандағы ірі ұйымдарды нысанаға алған. Andariel нақты компанияларға назар аудармайды, шабуылдаушылар үшін ең бастысы - ұйымның қаржылық жағдайы. Топ он жылдан астам жұмыс істеп келеді. 2022 жылы да зиянды бағдарламалар арсеналын және шабуыл географиясын кеңейтуді жалғастыруда.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар