Желіде Жерді 50 мың жылда бір айналып өтетін жасыл кометаның видеосы тарады
Оны планетамыздың солтүстік жарты шарындағы тұрғындар анық көре алған. Кейбір бақылаушылар кәсіби фотографиялық жабдықтың көмегімен аспан бойынша жылдам қозғалатын кометаны түсіріп алған. Дегенмен кейбір әуесқой астрономдар ай сәулесі мен бұлттардың көп болуына байланысты жақсы кадрлар жасай алмағандарын айтады. ZTF құйрықты жұлдызы Жерде әлі біраз уақытқа дейін көрінеді деп күтілуде. Ғалымдардың айтуынша, ZTF кометасы біздің планетаның үстінен соңғы рет жер бетінде жоғарғы палеолит дәуірі кезінде ұшып өткен. Ол кезеңде адамдар Азия мен Еуропаға енді ғана қоныстана бастады. Тіпті бұл уақытта мұз дәуірінің ірі сүтқоректілері мамонттар мен қылыш тісті жолбарыстар тірі болған.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 желтоқсан 2024
26 желтоқсан 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар