Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дастарқанға ақ бата

bilimdiler.kz

Дастарқанға ақ бата

Дастарқанға ақ батаБата бердім, бақ тіледім,Ақ дастарқан басына,Я, Құдайым, шын тіледім,Келсін деп менің қасыма!Көңілің көлдей болып,Көргенің түстей болып,Қыдыр қонсын басыңа!Әумин!***Я, Тәңірі, құдірет,Мал - бастарын аман ет,Басына бер бақыт,Асына бер берекет,Өмір жасын ұзақ ет,Мехнат, зақметтен аман ет,Дұшпанының күнін жаман ет,Ұрпақтарын асыл ет,Дүниедегі жақсылықты,Дәл осы үйге нәсіп ет!Әумин!***Ас бергенге бас берсін,Өмірі ұзақ жас берсін.Кетпес дәулет, кең пейіл,Қайырымды дос берсін!***Құдай жарылқасын,Бақ қарасын.Қыдыр дарысын!Айдан аман,Жылдан есен қылып,Үйдегі, түздегіМал - бастыАман қылсын!***Шалқар көлдей көп болсынҚымыз бенен айраның.Атаның мен атыңнанЖұртқа түссін қайраның!Айдағысыз малды бол,Ағайынның алды бол,Отыз ұлды орда бол,Ұман жұрттың басы бол!***Дастарқаның бай болсын.Қазан - ошағың май болсын.Төрт түлігің сай болсын.Көңілің толып жай болсын.Ұлың қонып үяға,Қызың қонып қияға,Келінің бибі атанып,Ұлың болсын би аға.Бергеннен Алла танбасын,Көбейе берсін мал басың,Өсе берсін жан басың,Арманың көкке самғасын.Досыңнан көңілің қалмасын,Жағаңнан дұшпан алмасын,Жолың болып жортқанда,Жолыңды Қызыр жалғасын!Әумин!***Бата бердім, бақтіледім,Ақ дастарқан басына,Я, құдайым, шын тіледім,Береке бер деп асыңа.Көңілің көлдей болып,Дәулетің тасып толып,Бақыт қонсын басыңа!Әумин!***Әумин десең маған,Құдай берсін саған.Алтыннан болсын жағаң,Күмістен болсын тағаң.Оң жағыңнан кетпесінКүрпілдек қара сабаң.Жортсаң жолың болсын,Жолдасың қыдыр болсын.Тілеуің қабыл,Мұратың асыл болсын.Ішкенің қымыз,Жегенің сырбаз,Кигеніңтүлкі болсын,Жүрген жерің ойын - күлкі болсын!Әумин!***Дастарқаның кең болсын,Төрт құбылаң тең болсын.Мерейің тасып асқақтап,Маңайыңа ел қонсын.Ғұмыр жасың ұзын болсын,Түтінің түзу болсын.Беделіңді өсірер,Ұлың мен қызың болсын!Әумин!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025