Илон Маск, Стив Возняк және мыңнан астам сарапшы жасанды интеллектіні үйретуді тоқтатуға үндеді

Әлемдегі ең бай кәсіпкер Илон Маск технология саласының мамандарымен бірге жасанды интеллект (ЖИ) жүйесін оқытуды тоқтатуды талап етіп, бұл қоғамға қауіп төндіреді деді.Кәсіпкердің хаты Future of Life Institute ұйымының басылымында жарияланды. Оған мыңға жуық адам қол қойған.Хатта жасанды интеллект желісі адамның дамуын тоқтатуы мүмкін делінген."Жасанды интеллектінің қуатты жүйесін оның оң әсері болатынына және қауіп-қатерін бақылауда ұстай алатынымызға көзіміз жеткен кезде ғана дамыту керек" деп жазылған хатта.Онда сонымен бірге жасанды интеллект адамдармен бәсекеге түсуге қабілетті екенін, толық автоматтандырылған жұмыс адамның өркениетті қадағалауын жоғалтып алу мүмкін екенін айтқан. Хат авторлары "адамзаттың өзінен ақылдырақ және адамды "тым тозған" тіршілік иесі қылып көрсететін жүйені дамытуы қаншалықты дұрыс?" деген сұраққа үңілуге үндеді.Хатта сонымен бірге мұндай шешімдер ешкім таңдамаған технологиялық сала жетекшілеріне сеніп тапсырылмауы тиіс деп жазылған. Хатқа қол қойғандар OpenAI компаниясы жасап шығарған GPT-4 моделінен қуаттырақ кез келген жасанды интеллект жүйесін дамытуды жарты жылға тоқтата тұруды ұсынады.Хатқа қол қойғандардың арасында жасанды интеллект саласының ғалымдары канадалық Йошуа Бенжио мен британдық Стюарт Рассел, Apple-дің негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк бар. Хатқа сонымен бірге OpenAI өнімдеріне бәсекелес өнім шығарып жатқан компания иелері де бар. Бұл компанияның негізін қалаушылардың бірі Илон Маск одан 2018 жылы кеткен.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар