Қазақша мата атаулары

Көркем сөздің құдіреті 1. Жібек, Манат, Биқасап Тегеріші манаттан , Жібектен ызып бау таққан Үйге де кірер ме екенсің? (Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас ) Биқасап шапанын жамылып табалдырықтан аттады. (Ж. Аймауытов, Ақбілек ) --- 2. Дүрия, Батсайы, Шағи Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы , мақпал, манат, дүрия , шағи бөлек салынған. (М. Әуезов, Абай жолы: 1 том ) --- 3. Мақпал, Барқыт Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты. (М. Әуезов, Абай жолы: 3 том ) қыпша беліне мықынын оя тіккен қызыл барқыт оқалы пешпенті жарасып - ақ тұр. (І. Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар ) --- 4. Сәтен, Ләмбөк Оң жақта темір кереует үстінде, аспан түстес көк сәтенмен тысталған үш жастық. (Ғ. Мұстафин, Өмір не өлім ) Жылтырақ жамылғаны қара ләмбөк , Басында селкілдейді ноғай телпек. (X. Ерғалиев, Көбік шашқан ) --- 5. Бәтес Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады. (Ж. Аймауытов, Ақбілек ) Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар