Қан қысымы төмендегенде

Қан қысымы төмендегенде Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға салып, 15 - 20 минут қайнатады. Бір күн тұрғызып сүзіп, үстіне бір ас қасық сірке суын қосады. Дәрі дайын. Науқас күніне 100 грамнан 4 - 5 уақыт, қашан оңалғанша ішеді. Қан қысымы көтеріліп, тәбет ашылады. Немесе қалақай жапырағының үш ас қасық, қара қарақат жемісінің үш ас қасық, бұрыш жалбыз шөбінің үш ас қасық ұнтақтарын қосып, 3 литр суға салып, жарты сағат қайнатады. Екі күн тұндырып сүзеді. Үстіне бір ас қасық бал, 30 грамм алма сірке суын қосып, шайқап араластырады. Дәрі дайын. Науқас күніне 30 - 50 грамнан 3 рет, астан жарты сағат кейін сырқаттың беті қайтқанша ішеді. Жалпы 3 - 4 күнде - ақ науқас жағдайы жақсарады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар