Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз

Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт рецепт ұсынбақпын: 1. Бір стакан аршылған жаңғақ, бірдей мөлшерде бал мен лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды мейлінше ұсақтап тураңыз, оған сұйық бал құйыңыз. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Мұны екі апта бойы күніне 3 рет, астан бұрын 1 ас қасықтан жеп жүрсеңіз, иммунитет пен жүйке жұмысы нығаяды. 2. Жаңа сығылған жүзім шырыны керек. Күнделікті таңертең және кешке 2 ас қасығын ішіп жүрсеңіз, қысы - жазы сергек жүретініңіз анық. Жүзім шырынын мейлінше ұзақ уақыт қабылдаған жөн. 3. Қарағай инелерінің созылмалы шаршауды тез жоятын қасиеті бар. Орманда жиналған инелерді шайып, пеште (духовка) 15 минут ұстаңыз. Сосын 2 ас қасық инелерді ұсақтап, оған 1 стакан су құяды. Баяу отта 30 минут қайнату керек. Енді оған 3 ас қасық бал қосыңыз. Сосын 1 сағатқа жылы орап қояды. Осылай дайындалған тұнбаны 10 күн бойы ұйықтар алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз, өзіңізді сергек, жеңіл сезінесіз. 4. Ежелден келе жатқан өте тиімді рецепт – 1 стакан сүтке 0, 5 ас қасық құрғақ түймедақ гүлдерін салып, баяу отқа қойыңыз. Бұрқ етіп бір қайнағанда өшіріп, сәл салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосыңыз. Мұны күнделікті кешке ұйқы алдында ішіп жүрсеңіз пайдасы көп: шаршаудан құтыласыз, иммунитет көтеріледі. Ішек жұмысы жақсарады.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар